ЭКСПО қалашығындағы пәтерлерді сатып алуға өтініштер қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 наурызда ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді сатып алу жөнінде өтініштерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді пәтер бағасының алдын ала 20 пайыздық жарнасын төлеу арқылы 3 жылдық үстемақымен 12 жылға бөліп төлеу жүйесі бойынша сатып алуға болады. Бөліп төлеу жүйесі көлік тұрағын алуға қолданылмайды. Аталмыш механизм аясында тек 1 пәтер алу шарт және жүйе өтініш берушінің 70 жасына дейін шектелген.

Бөліп төлеу арқылы сатып алушы келесідей міндеттерді орындауы тиіс:

1) Digital Baiterek порталында https://digital.baiterek.gov.kz/register сілтемесіне кіріп, алдын ала тіркеліп, есеп жазбасын құру керек;

2) 2019 жылдың 30 наурызында сағат 15-00-де https://expo.baiterek.gov.kz сайтына кіріп, онлайн жүйесінде пәтерді таңдап, брондау қажет. Брондау, өтініш беру мен ресімдеу кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында Google Chrome браузерін қолдануға кеңес беріледі;

3) Пәтер таңдалып, брон жасалғаннан кейін өтініш беруші Digital Baiterek порталынының автоматтандыру парақшасына автоматты түрде қайта бағытталады. Мұнда өтініш беруші өзінің логині мен құпия сөзін есеп жазбасына енгізуі шарт. Осыдан сатып алынатын пәтерге алғашқы төленетін жарнаны көрсету арқылы өтінішті толтырып, қайта қарауға жібереді. Өтінішті ресімдеп пәтерді брондау кезінен бастап 30 минут уақытта жіберу қажет;

4) Өтініш жіберілгеннен кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне 2 күннен кейін қаржылық мүмкіндігіңізді бағалау бойынша 5000 теңгені төлеу туралы хабарландыру жөнелтіледі. Өтініш беруші төлем жасап, түбіртектің көшірмесін хабарландыру мерзіменен кейін 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинет арқылы кері жіберуі керек.

5) Анықтау сервисі арқылы өтініш беруші өзінің ұялы телефонынның нөмірін растауы қажет. Ол үшін өтініш беруші өзінің жеке кабинетінде «Нөмірді растау» тетігін басып, содан кейін өтініште көрсетілген нөмірге SMS-хабарлама жіберіледі. Одан келген мәліметтерді жеке кабинетке енгізу міндетті;

6) Қаржылық мүмкіндігіңізді бағалау жөнінде төлем жасалғаннан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне қаржылық мұмкіндікті тексеруге қатысты хабарлама келеді.

Бірыңғай зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған және арнайы атаққа құқылы тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік қызметті, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері әскери қызметкерлер санатына кіретін өтініш беруші (жұбайлары) «Бәйтерек девелопмент» АҚ-қа қосымша келесідей құжаттарды ұсыну керек: жұмыс орнынан анықтама, төлеу шаралары көрсетілген (екінші деңгейлі банк, касса арқылы) 6 ай ішінде алғын еңбекақы жөнінде анықтама, екінші деңгейлі банктен төлем жүргізілген жағдайда 6 ай ішінде алған еңбекақысының көрсеткіші туралы екінші деңгейлі банктен карточкалық есебі бар көшірме.

«Өтініш беруші міндетті түрде қаржылық мүмкіндігі жөнінде бағалау қызметінен өтіп, нәтижесін жеке кабинет арқылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ мекен-жайына жіберуі шарт. Қаржылық мүмкіндік расталғаннан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне өтініште көрсетілген алғашқы жарнаны төлеу туралы хабарлама келеді. Хабарлама келген күннен бастап өтініш беруші төлем жүргізіп, түбіртектің көшірмесін 5 күн ішінде жеке кабинеті арқылы жіберуі қажет. Бірінші жарнаны төлегеннен соң өтініш беруші сатып қабылдап алу-тапсыру мен сатып алынған жылжымайтын мүлікке кепілдік жөнінде келісімшарт жасасады. Келімшартқа қол қойған күннен бастап 3 күн ішінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ шотына 3 айлық мөлшердегі кепілдік жарнаны жіберіп және бірінші айлық төлемін жүргізу керек. Бөліп төлеу мерзімінде сатып алынған пәтерді сақтандырып, алып-тапсыру актісі бойынша қабылау қажет», - делінген «Бәйтерек девелопмент» компанияның хабарламасында.

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен пәтерді сатып алу жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Call-орталығына (8 800-080-01-01) хабарласуға болады.