Осы орайда ол жобаның сәулеті дизайнын іріктеу бойынша үздік компанияны анықтау тұрғысында байқау өткізілгендігін еске салып өтті. Бұл еңбектердің барлығы көрмеде ұсынылған болатын. Қазіргі кезде жобаның үздік эсксиз-дизайны сәулет кешенінің қорытындылары шығарылуда. Байқауға 22 мемлекеттен 49 компания қатысты, оның ішінде 20-сы қазақстандық компаниялар болып табылады.
«Осының нәтижесі жария болғаннан кейін біз жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кірісеміз. Бұл жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін жалғасады. Ал, сәуір айында біз ЭКСПО учаскесінде құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деп түйді министр.