«Сербия Республикасымен қарым-қатынасымыз жүйелі дамып келе жатқанын білесіздер. Саяси дәрежеде өте үлкен ынтымақтастық және сенім бар. Президент Александр Вучичпен жақын арада кездескенмін. ЭКСПО-ның ашылуына келеді деп күтіп отырмыз», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сербия байланысын нығайтуға соңғы екі жылда жоғары деңгейде өткен сапарлар тың серпін бергенін баса айтты.
«Екіжақты саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтасты дамытудың әлеуеті өте зор. Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына сіздердің президенттеріңіздің келуін күтеміз деп тағы да айтқым келеді», - деді Елбасы Сербия Елшісіне қарата.