«12 күннің ішінде ЭКСПО маңызды мәселелер талқыланатын алаңға айналды. Көрменің өзіне қызығушылық жоғары. Осы уақытқа дейін ЭКСПО-ға 300 мыңнан астам адам келіп кетті. Ал көрмеге келіп кету көрсеткіші 2 миллионннан асты. Демек, осы динамика сақтала берсе, біз бастапқы жоспарымызды орындай аламыз. Ол - 2 млн адам және сол адамдардың 5 млн мәрте келіп кетуі", - дейді Аxметжан Есімов.
Айта кетейік, осы аптаның басында 19 қыркүйекте өткен баспасөз мәслиxатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың павильондарға адамдардың кіріп шығу көрсеткішінің 1 млн 57 мыңнан асқанын мәлімдеген болатын .