Экспортқа рекордтық көлемде астық жөнелтілді - ҚР АШМ

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 1 қыркүйегі мен 2012 жылдың 31 тамызы аралығында экспортқа астық пен ұнның рекордтық көрсеткіші шығарылды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҚР Статистика агенттігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтеріне сәйкес, экспортқа ұнды қоса алғанда 12,7 млн. тонна астық, оның ішінде 8,9 млн. тонна бидай, 2,6 млн. тонна ұн жөнелтілген. Бұл 2010-2011 маркетинг жылындағы көрсеткіштен 2,5 есе артық. Ағымдағы жылдың 1-10 қыркүйегі аралығында ғана 77,7 мың тонна астық тиелген.