Ол ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Огни Алатау» газетінің тілшісі қызметін атқарған, «Караван» газетіндегі жарнамалық қызметті, «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығында» қоғаммен байланыс департаментін басқарған.
2008 жылы «Экспресс-К» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры қызметіне тағайындалды. Алексей Пан - Қазақстанның құрметті журналисі.