«Экспресс К» газетінің бас редакторы өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Экспресс К» газетінің бас редакторы Тимур Неталиев өмірден озды. Бұл жайында әріптестері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 2009 жылдан бері «Экспресс К» газетінің бас редакторы қызметін атқарған еді. Әріптестері Тимур Неталиевтің қатты ауырып, жансақтау бөліміне түскенін айтуда.


Фото: www.facebook.com Тимур Неталиев