Zhurik.kz сайтында жазылған ақпаратқа сүйенсек, М. Норузи 14 сәуір күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Бізді не күтіп тұр...» бағдарламасымен үлкен аудиториямен кездесу өткізеді. Билеттердің құны 8 мыңнан 16 мыңға дейін белгіленген.
Ал 15 сәуір күні экстрасенс жеке қабылдаулар өткізеді. Ол әрқайсысын 45-60 минуттан барлығы 6 адамды қабылдамақ. Бұл кездесуге кіремін деушілерге 3 мың еуроға шығындалуға тура келеді.