Экстремалдар вингсьютпен ингушетиялық мұнаралардың жанынан ұшып өтті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі уралдық бейсджампер Ратмир Нагимьянов мәскеулік серіктесі Алексей Дроздовпен бірге Ингушетиядағы көне мұнараның үстінен ұшып өтті. Бейсджамперлер көне мұнараның жанынан бір метрге жетер-жетпес қашықтықта ұшып өтті. Мұнара жүздеген жылдар бұрын салынған.

Спортшылардың сөзіне қарағанда, олар осылай ұшуға екі жыл дайындалған. Секіру кезінде мұнараға соғылмай, жерге сәтті қону үшін бағытты дұрыс ұстау керек болды. Сонымен қатар, спортшылардың мұнараның үстінде тұрып оларды түсіріп жатқан операторларға соғылу қаупі де болды, деп хабарлады rosbalt.ru.