Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті.
«Мамандар «Әль-Кайда» мен «Талибан» секілді халықаралық терроризмнің тірегіне айналған ұйымдардың Ауғанстанда сақталуы, ал осы елден халықаралық күштердің кетуі экстремистік-террористік бағыттағы басқа да топтардың белсенді әрекет етуіне жағдай туғызатынын айтады. Жалпы мұндай топтардың мақсаты біреу - Орталық Азия аумағындағы барлық республикалардың конституциялық құрылымын бұза-жарып, зайырлы сипаттағы дамуды жою, оның орнына осы аумақта ортағасырдағы секілді халифаттық басқарулар енгізу», - деді И.Меркель.
Оның айтуынша, бүгінгі замандағы терроризм ұйымдасқан трансшекаралық қылмыспен тығыз бірігіп отыр. Ал ондай тұтасудың негізгі себебі террористік ұйымдардың қаржыға тәуелділігіне байланысты болып табылады. «Бұнда да ең алдымен дәстүрлі түрде есірткі бизнесінен, қару-жарақтың заңсыз айналымынан, адамдарды ұрлап, саудалаудан, қоқан-лоққылық әрекеттерден алынған қаражаттар сол терроризмді қаржыландыруға бағытталып жатады», - дейді И. Меркель.