Экстремизм біздің елге ғана емес бүкіл әлемге қатер төндіреді - Қазақстанның Азаматтық альянсы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Азаматтық альянсы 5 маусымда Ақтөбеде орын алған экстремизмді сынға алды.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында орын алған арсыз қылмыс қатыгездігімен және аярлығымен жаға ұстатты. 

Қазақстанның Азаматтық альянсы қаза тапқандардың жанұялары мен туғандарына көңіл айтып, жарақаттанғандардың тез сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

«Бұл оқиға - қазақстандық қоғамда тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығын көрсетті.

Өйткені жалған діни ұрандармен жасырынған экстремизм мен терроризм біздің елдің ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Қазақстанның Азаматтық альянсы  барлық қазақстандықтарды еліміздегі тұрақтылықты жоғары бағалап, бірлесіп ортақ шаңырақтағы бейбітшілік пен тыныштықты қорғауға шақырады», делінген

Азаматтық альянстың мәлімдемесінде.