Эквадор Қазақстанмен қарым-қатынасты қарқынды түрде дамытуға ниетті - Елші
Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжинге Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін аталған елдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Патрисио Альберто Чавес Савала мәлім етті.
«Мен бүгін Сенім грамотасын тапсырғаныма қуаныштымын. Осы орайда біздің қарым-қатынастарымыз қарқынды дами түсетініне үміттімін. Біздің елдердің өзара түсіністігі өте жақын деп бағалаймыз және ынтымақтастығымызды арттыра түсу тұрғысында көзқарастарымыз да ұқсас», - деді Елші.
«Атап айтқанда, Латын Америкасы жаңа әрі сенімді жақсы достармен жақындасуға мүдделі, сондай-ақ дипломатиялық тұрғыда жаңа кезеңді бастап отыр. Енді біз Қазақстанмен қарым-қатынасты белсенді түрде дамытуға ниеттіміз. Себебі, Қазақстан бейбітшілік жолын таңдаған ел және еңбекқорлығымен көзге түсуде», - деді Альберто Чавес Савала.