Эквадор Колумбия импортына баж салығын екі есеге ұлғайтады

АСТАНА. KAZINFORM — Эквадор Колумбиядан импортталатын тауарларға баж салығын шекаралық аймақта әрекет ететін есірткі бизнесіне байланысты 50%-дан 100%-ға дейін арттырады. Бұл туралы Эквадордың өндіріс, сыртқы сауда және инвестиция министрлігі хабарлады, деп жазды ТАСС.

Фото: pixabay.com

— Колумбия шекарасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты және тиімді шаралардың болмауына байланысты Эквадор тәуелсіз шешім қабылдауға мәжбүр. 1 мамырдан бастап Колумбиядан әкелінетін қауіпсіздік алымының мөлшерлемесін 50%-дан 100%-ға дейін көтеру күшіне енеді, — делінген мәтінде.

Қаңтар айында Эквадор президенті Даниэль Нобоа көрші республиканың шекаралық аймақта әрекет ететін есірткі тасымалымен жеткілікті деңгейде күреспегендіктен, оның елі Колумбиядан келетін импортқа 30% баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Колумбия тиісті шаралар енгізді. 1 наурыздан бастап Эквадор тарифті 50 пайызға дейін көтерді.

Айта кетейік, осыған дейін Эквадор үкіметі уақытша Гуаякильге көшірілген болатын.