Эквадорда 6,3 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Фото: oxu.az

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінде 6,3 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 6,3 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Эсмеральдас провинциясынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі 35 шақырым тереңдікте тіркелді.

Бұл жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі туралы ескерту жарияланбады, құрбандар мен материалдық шығындар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2016 жылғы 17 сәуірде Эквадорда 7,8 магнитудалы жер сілкінісінен 77-ден астам адам қаза тапқан болатын.

Эквадор Тынық мұхитының «Отты белдеуі» деп аталатын сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, мұнда жер сілкіністері жиі болып тұрады.

Айта кетелік Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды