Эквадорда автобус құздан құлап, 15 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор полициясы кем дегенде 15 адамның өмірін қиып кеткен таулы аймақтағы жол-көлік оқиғасын зерттеуге кірісті, деп хабарлады ВВС.

Манта қаласынан Кито қаласына бағыт алған жолаушылар автобусы 300 метр құздан құлады. Қаза тапқандардан бөлек 16 адам жараланып, ауруханаға түсті.