Есірткі кемемен Гуаякиль портынан әуелі Орталық Америкаға, ал сол жерден АҚШ-қа жеткізілуі тиіс болған. Оқиға орнында есірткі тасымалына қатысы бар Эквадордың бес азаматы ұсталды.
NTN24 порталынан хабарланғандай, кокаинді цеолит жүгінде жасыру есірткі іздеуге үйретілген полиция иттерін алдау мақсатын көздеген, алайда бұл әрекет жүзеге аспады.
Жыл басынан бері Эквадор билік көздері есірткілік заттардың 25 тоннасын тәркілеген, соның басым бөлігі кокаин болған, деп жазды Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында елдің ішкі істер министрі Хосе Серрано.