Жексенбі күні Манта қаласының мэрі Агустин Интриаго қарулы қылмыскердің шабуылы салдарынан бірнеше жарақат алды. Сондай-ақ шабуыл кезінде мэрдің қасында болған жергілікті футболшы Ариана Эстефания Чанкай да қайтыс болды.
Полиция әзірге шабуылшыны анықтаған жоқ, бірақ мэр Интриагоны бопсалағанын растады. Ресми тұлғалардың айтуынша, ұрланған көлікпен келген қарулы адам мэрге бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Көлікті жүргізген адам қуғын кезінде жараланып, қамауға алынды. Ал оқ атқан адам ізін жасырып үлгерген.
Мэр Интриаго ақпан айында төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Шабуыл кезінде ол жаңа кәріз жүйесі салынып жатқан құрылыс алаңын тексеріп жүрген. Сол сәтте оның қасына жергілікті «Лас Драгонас» клубының 29 жастағы футболшысы Ариана Чанкай келіп, қала мэрінен командасына қолдау көрсетуін өтінгісі келген. Бұл жағдай Эквадор халқын дүр сілкіндірді.
Ақпан айында Пуэрто-Лопес мэрлігіне үміткер саясаткер сайлау учаскелері ашылуына бірнеше сағат қалғанда өлтірілген. Осыдан бірнеше апта бұрын тағы бір жағалаудағы Салинас қаласының мэрлігіне үміткер де оққа ұшқан болатын.