Оқиға Эквадордың батысындағы Гуаякиль қаласында орын алған. Мас күйінде жүк көлігіне отырған жүргізуші автобус аялдамасында тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Зардап шеккендердің басым бөлігінің жағдайы ауыр.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, алкогольді ішімдікке мас болған ер адам рульде ұйықтап кетіп, аялдамаға соғылған.
Кінәлі адам тұтқындалды. Бір топ адам оның жүк көлігімін қатар, сол жерге келген полиция көлігін де жағып жіберген.