Эквадор президенті Даниэль Нобоаның кортежіне оқ атылды

Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM — Канар провинциясында белгісіз қарулы адамдар Эквадор президенті Даниэль Нобоаның көлігіне оқ жаудырды, деп хабарлайды Report.

Ақпаратта аты аталмаған министр мемлекет басшысы шараға жақындаған кезде президент кортежін 500-ге жуық адам қоршап алып, көліктерге тас атқылағанын айтқан.

— Президенттің көлігінен оқ іздері табылды, — деді белгісіз шенеунік.

Эквадордың қоршаған орта және энергетика министрі Инес Манзано Нобоаға қастандық жасалғаны туралы ресми мәлімдемеден кейін пікір білдірді. Ол президенттің зардап шекпегенін және оқиғаға қатысты 5 адамның қамауға алынғанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Германияда қала мэрі пышақ шабуылынан бірнеше жарақат алған еді.