Эквадорда президент сайлауы алдында тағы бір саясаткерді атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Эквадорда «Азаматтық революция» қозғалысы жетекшілерінің бірі өз үйінің жанында оққа ұшты. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Эквадор президенттігіне кандидат тағы бір саясаткер өлтірілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

Фото: dw.com

Эквадордың Эсмеральдас провинциясында «Азаматтық революция» солшыл саяси қозғалысының жетекшісі Педро Брионесті үйінің жанында белгісіз біреулер атып өлтірді, деп хабарлады дүйсенбі, 14 тамызда оның партияластары.

«Азаматтық революция» партиясынан президенттікке үміткер Луис Гонсалес марқұмның туыстарына көңіл айтты. «Эквадор ең қанды дәуірді бастан өткеруде. Осы зорлық-зомбылық кезінде қаза тапқан әріптесім Педро Брионестің отбасының қайғысына ортақпын», - деп жазды ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бірнеше күн бұрын елде тағы бір саясаткер – «Строй» қозғалысының президенттікке кандидаты Фернандо Вильявисенсьоны өлтіріп кеткен еді.

Эквадорда 20 тамызда мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өтеді.