Эквадорда президент сайлауы күні ішімдік ішкендерге айыппұл салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Эквадорда басталған ел президенті мен ұлттық ассамблея депутаттарының сайлауы қалыпты жағдайда өтіп жатыр, деп мәлімдеді мемлекеттің ұлттық сайлау кеңесінен.

«РИА Новости » агенттігінің хабарлауынша, сайлаудың ашылу салтанатына Эквадордың іс басындағы президенті Рафаэль Корреа қатысты.

18-65 жас аралығындағы 12,8 млн. эквадорлық жаңа президентті 8 үміткер арасынан таңдауы тиіс. Сарапшылардың пайымынша, олардың арасында жеңіске ең жақын тұрғындары: Ленин Морено ("Альянс ПАИС" блогы), экс-банкир Гильермо Лассо ("КРЕО-СУМА" қозғалысы) және социал-христиандық партиядан ұсынылған кандидат Синтия Витери.

Эквадорда сайлау күні спирттік ішімдіктерді сатуға және оларды қолдануға қатаң тыйым салынады. Егер сайлауға қатыспағандығы үшін 37,5 доллар көлемінде айыппұл қарастырылған болса, ішімдікке қатысты заңды бұзғандарға 187 АҚШ доллары сомасында айыппұл салынады.