«Бұл - ұлт трагедиясы. Жақындарынан айырылғандар үшін таяу сағаттарда сегіз күндік қаралы күн енгізу туралы жарлыққа қол қоямын», - деген Корреаның сөзін келтірді РБК.
Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 646, хабар-ошарсыз кеткендер саны 130. Жер асты дүмпуі салдарынан 7 мыңға жуық үй қирап, 2 мың 740 адам зардап шекті. Корреа қаза тапқандардың ішінде Канада, Колумбия, Британия мемлекеттерінің азаматтары бар екенін атап өтті.
Бұл соңғы 37 жылдағы ірі жер сілкінісі. Эквадордың алты провинциясында төтенше жағдай режімі жарияланды. ЕО шұғыл гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар бөлді.
Сенбіге қараған түні 23 сәуірде Эквадорда тағы 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы айтылмады.