АСТАНА. KAZINFORM – Эквадорда бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Мәлім болғандай, тікұшақ су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Апат Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.
«Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті», - делінген хабарламада.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)