Эквадорда жер сілкінісінен кейін 50-ге жуық адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер сілкінісінен зардап шеккен Эквадорда 48 адамның әлі де тағдыры белгісіз болып қалып отыр. Бұл туралы оңтүстікамерикалық елдің қауіптерді басқару министрлігінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметтерінше, зілзала салдарынан қаза тапқандардың саны 655 адамды құрап отыр, 29 мыңнан астам адам уақытша пана тапты. Бұл ретте үйінділердің астында 113 тұрғын аман алып шығарылды.

Эквадорға 27 мемлекет көмек көрсеткен. Сенбі күні Эквадор астанасы Кито қаласының маңында Оңтүстікамерикалық ұлттар Одағы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі болып өткен. Эквадор СІМ-нің басшысы Гийом Лонгтың хабарлауынша, ұйым жер сілкінісінен зардап шеккен елге көмек көрсетуді жалғастыруға келісті.

Айта кетейік, Эквадорда магнитудасы 7,8 жерасты дүмпулері 16 сәуірдің кешінде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Муисне елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі - 20,2 шақырым. Табиғи апат соққысынан көпқабатты қонақүйлер, мейрамханалар, тұрғын үйлер опырылып құлады. Ең көп зардап шеккен провинциялар - Эсмеральдас, Манаби, Санто-Доминго-де-лос-Тсачилас, Гуаяс, Санта-Элена және Лос-Риос. Сенбі күні Эквадор президенті Рафаэль Корреа қаза тапқандарды сегіз күн аза тұтуды жариялау туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар