Эквадордағы жер сілкінісінен 28 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадордағы жер сілкінісен қаза тапқандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости елдің вице-президенті Хорхе Гласқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Портовьехо қаласында 16 адам көз жұмған, ал Манта қаласында 10, Гуаяс првинциясында тағы 2 адам қаза тапқан.

Жер асты дүмпуі UTC уақыты бойынша сағат 23.58-де орын алды. жер сілкінісінің ошағы Муисне елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орын алды. АҚШ Геологиялық қызметінің айтуынша, жер сілкінісінің магнитудасы 7,8-ге дейін барған.

Фото: @ORLYNG/TWITTER