Эквадордың шығысында әскери ұшақ құлап, 22 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадордың шығысында әскери ұшақ құлап, бортта болған 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұл ақпаратты өзінің Твиттердегі парақшасында ел президенті Рафаэль Корреа растады.

Ұшақта 19 сарбаз, екі механик және бір ұшқыш болған. Ол жаттығу аясында ұшып бара жатып, Эквадордың шығысындағы Пастаса провинциясында апатқа ұшырады.