ЕҚЫҰ аясында еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттарын көрсететін бірыңғай құжат қажет - Н.Назарбаев

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Бүгін ЕҚЫҰ аясында еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттарын көрсететін бірыңғай құжат дайындайтын уақыт жетті.

Бұл туралы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде сөз алған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Мұндай құжат дағдарыстан кейінгі шынайы жағдай мен әлемнің орташа және ұзақ мерзімді болашағының даму үрдісін ескеруі қажат. Еуропа мен Азияның ықпалдасуы тек еуразиялық субконтиненттің экономикалық дамуына, әлеуметтік игілігіне ғана емес, дағдарыстан кейінгі алдағы болашаққа да жақсы әсерін тигізеді.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық өлшеудің дамуына көп назар бөлуі керек. «ЕҚЫҰ-ның Бонн декларациясы мен Маастрихт стратегиясы өзгерген шарттарға бейімделуді қажет етеді», - деді Мемлекет басшысы.