ЕҚЫҰ/БДИПЧ бақылаушыларының миссиясы Беларусьтегі сайлаудағы жұмыстарын бастады

ВЕНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Беларусь СІМ шақыруымен ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (БДИПЧ) бақылаушылар миссиясы үстіміздегі жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған Беларусь президенттік сайлауларына мониторинг жүргізуді бастайды, деп хабарлайды Ұйымның баспасөз қызметі.

Немістің дипломаты бастаған 14 сарапшы мен 40 ұзақ мерзімді бақылаушы дауыс беру күніне бір ай бұрын сайлауға дайындық пен оны өткізуге мониторинг жасай бастайды.