Ол кездесуді ұйымдастырғаны үшін Орталық сайлау комиссиясына ризашылығын білдіріп, миссия сарапшыларының атқарған жұмыстары жайында тарқата айтып берді. Сонымен қатар ДИАҚБ байқаушылары миссиясының ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау туралы аралық есеп әзірлегенін атап өтті.
К.Йонкер сайлаушылар тізімін өзектендіру жұмысының қиындығын әрі бұл шараның өте маңызды екендігін ескертті.
Кездесу барысында тараптар сайлау комиссияларын құру тәртібімен, лингвистикалық комиссия жұмысымен, сайлау учаскелерінде дауыстарды санау процедурасымен және сайлау қорытындысын шығарумен байланысты мәселелерді талқылады.