Қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының ресми үндеуіне байланысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының екі байқаушысы Сергей Калашниковты және Степан Тапананды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан аккредиттеудің күші жойылды және бұған дейін берілген аккредиттеу туралы куәліктері кері қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» 2015 жылғы 20 сәуірдегі №29/56 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.