Бұл тақырыпты бүгін Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кіретін Ұлыбритания, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қазақстан өкілдері талқылады.
«Егер қауіптің кешенді сипатын ескерсек, бұл сын-қатерлерге кешенді жауап та жасақтау қажет, - деді РФ Әскери ғылым академиясының академигі Владимир Петровский. - Көшедегі адамдар да қарсы тұруы тиіс. Мысалы әжейлер аулада жұмыс істейді, үй комитеті делік, олар күдікті бірдеңе байқаса, талқылап, учаскелік полицейға хабарласады деген сияқты».
Тұтастай, сарапшы әр мемлекетте халқын жұмылдыруға болатын және іске асырылуы тиіс көптеген жұмыс түрлері бар деп санайды.
«Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «абсолютті жауыздық» деп атаған ДАИШ әрекетіне осылай жауап беру тиімді болатын тәрізді. Бұл қауіптің абсолюттілігі - қоғамға дендеп енуінде. Әлеуметтік байланыстар бұзылуда. Тиісінше, қоғам да мемлекеттік институттармен бірлесіп бұған қарсы тұрар күш табуы тиіс», - деп сөзін түйіндеді В.Петровский.
Бұл мемлекеттік құрылым мен азаматтық қоғам күшін біріктіру бастамасын мүше мемлекеттер ҰҚШҰ өңірінде ғана емес, одан тыс жерлерге таратуды жоспарлауда.