АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің ресми емес саммиті Қазақстанда алдағы жылдың орта кезінде өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көптеген мемлекеттер Қазақстанда ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізу туралы бастаманы қолдағанын жеткізген Елбасы, бұл мәселе бойынша жұмыстар бұдан ары қарай жалғасатынын айтып өтті.
«Қазақстанда сыртқы істер министрлерінің (ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің) ресми емес саммиті алдағы жылдың орта кезінде өтеді»,-деді Президент.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.