ЕҚЫҰ-ға Бас хатшы табылмай тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бас хатшысыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Өйткені бұл лауазымды атқарған италиялық Ламберто Заньердің өкілеттігі 30 маусымда аяқталды. Ал ұйымға мүше елдер әзірге жаңа кандидатура бойынша бір мәмілеге келе алмаған. Негізі 1 шілдеден бастап Бас хатшыдан бөлек ұйымның 3 маңызды институты жетекшісіз жұмыс істеп келеді.