Бүгін Астанада «Қазіргі қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру» атты тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, қазір еліміздің азаматтарына Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бір бөлігі екендігін белгілі бір деңгейде тіпті еуропалық қоғамдастықтың да мүшесі екенін жеткізу маңызды. «Қазақстан құқықтық мәдениет тұрғысынан алғанда Еуропаға жақындап келеді. Егер біз өзіміздің бойымыздағы құндылықтарды еуропалық құндылықтармен толықтыратын болсақ, біз төрағалық міндетімізді абыроймен атқарып шығамыз деген ойдамын», деді вице-министр.