ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, 2020 жылдың 22 қазанында сайлауды халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 2 отырыс өткізіп, 39 байқаушының аккредиттеді.
Оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан - 29 байқаушы, ТМД миссиясы құрамында - 6 байқаушы және Ислам ынтымақтастық ұйымынан 4 байқаушы бар.
«2020 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 12 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросынан аккредиттеуге ұсынылды. Сонымен бірге 11 байқаушы 5 шет мемлекеттен аккредиттеуге ұсынылып отыр. Оның ішінде: Иорданиядан - 3, Қырғыз, Молдив, Молдова, Түрік Республикаларынан әрқайсысынан - 2 байқаушыдан. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күнінен 5 күн бұрын, жергілікті уақытпен 18-00-де аяқталады.
«Яғни, 2021 жылдың 4 қаңтар күні сағат 18-00-де аяқталады», - деді Анастасия Щегорцова.