Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділеттің қалыптасу мәселесі» атты тақырыпқа өткен халықаралық конференция барысында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының басшысы Александр Кельчевский осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Демократиялық қоғамда мемлекеттің атқарушылық және бөлушілік қызметтері азаматтар мүддесіне сәйкес жүзеге асуы тиіс. Сондықтан да, мемлекеттік биліктің, әкімшілік биліктің функциялары мен әрекеттері заң нормаларына қатаң реттеуді қажет етеді. Сонымен бірге, жаңа әкімшілік заңнама жобасында көрініс тапқан жаңа тұжырымдама бойынша дау-дамайлар барысында азаматтардың шағымдарына қатысты мемлекеттік органдардың кінәлілігін де қарастырғаны маңызды. Бұндай қағидат әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Сонымен бірге, жаңа әкімшілік заңнаманы қабылдау арқылы қоғамның әкімшілік жүйеге деген көзқарасы да өзгеретіндей болуы шарт. Бұл тұрғыдан алағанда азаматтар әкімшілік құқықты жазалаушы деп емес, қорғау жүйесі секілді қабылдауы керек. Бұдан бөлек, жалпы әкімшілік әділет жүйесі ашық әрі тиімді жүйеге айналуы тиіс. Сондықтан да ЕҚЫҰ одан әрі соттардың мамандана түсуіне және Қазақстанның әкімшілік заңнаманы реформалау ниетіне қолдау білдіреді», деді А. Кельчевский.
Орталық жетекшісі бұл ретте жаңа заңнаманың әкімшілік әділет органдары құрылымын нақты анықтаудағы маңызын атап өтті.