ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-СІМ басшысы Ресей, Литва және Қырғызстан сыртқы саясат министрлерімен телефон арқылы келіссөздер жүргізді

None
СТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, ЕҚЫҰ «үштігіне» кіретін Литва сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен және Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Әңгімелесуші тараптар маусымның 27-сінде өткен референдумнан кейінгі Қырғызстандағы жағдайды және тұрақтылықты бекіте түсудегі одан әрі үйлестірілген іс-қимылды және осы елдің қарышты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына жағдай туғызу жоспарын талқылады. Қ.Саудабаевтың атап көрсеткеніндей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, осы елдің экономикалық дамуының стратегиялық бағдарламасын жасамайынша, Қырғыз Республикасының ұзақ мерзімге тұрақты және орнықты саяси дамуы мүмкін емес және мұндай бағдарламаны қырғыз тарабы ЕҚЫҰ ауқымындағы ынтымақтастықта жасауға болар еді. Қазақстан мұндай экономикалық стратегияны құрастыруға және іс жүзіне асыруға көсмектесуге әзір.

Бұдан басқа, Алматыда осы жылғы шілденің 16-17-сі күндері ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесін әзірлеу және өткізудің өзекті мәселелері қаралды. Бұл шара Корфу үдерісі ауқымында еуропалық қауіпсіздік бойынша жалпыға бірдей диалогтың қорытындысын шығаруы, ЕҚЫҰ жауапкершілігі кеңістігіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарауы және ағымдағы жылы ЕҚЫҰ қатысушы-елдері мемлекет және үкімет басшыларының кездесуін әзірлеу жоспарын белгілеуі тиіс.