Кездесуге сондай-ақ ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының ұзаққа созылған шиеленістер жөніндегі Жеке өкілі, елші Анджей Каспжик қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
РФ елшісі Игорь Попов пен АҚШ елшісі Роберт Брадтке ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасын шиеленісті реттеу жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы, сондай-ақ өткен аптада Әзірбайжан мен Арменияға жасаған сапарларының қорытындылары туралы хабардар етті.
Қ.Саудабаев Қазақстан мен ЕҚЫҰ алдағы күндері Астанада өтетін Ұйым Саммиті осы мәселені бейбіт жолмен реттеудің алға жылжуына серпін береді деп үміт артып отырғанын жеткізді.