11:36, 04 Сәуір 2009
ЕҚЫҰ-ның 2009 жылға арналған жиынтық бюджеті қабылданды
АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Тұрақты кеңесінің сәуірдің 2-сінде өткен кезекті мәжілісінде қатысушы-мемлекеттер Ұйымның 2009 жылға арналған жиынтық бюджетін бекітті.
Бюджеттің жалпы көрсеткіші 158 676 700 еуроны құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне сілтеме жасап. Жиында сөз сөйлеген Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдрахманов Ұйымның Жиынтық бюджеті бойынша пәтуаға келумен құттықтап, осынау құжатты келісудегі грекиялық төрағалықтың еңбегін ерекше атап өтті. Қазақстан алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында 2009 жылдың қазан айынан бастап Ұйымның бюджетін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін болады.