Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер және серіктес елдердің, Ұйым хатшылығының, НАТО верификациялық комитеті, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығы өкілдері қатысады.
«Ағымдағы жылы еліміздің Қарулы Күштері өкілдері Австрия, Норвегия, Чехия және ГФР-да өткен осындай шараларға қатысқан болатын. Ұйымға мүше болып кіргеннен бастап ЕҚЫҰ-ның әскери- саяси бағытындағы халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыруда Қазақстан белсенді атсалысып келеді»,-деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, аталған шара ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында еліміздің қарусыздану және Ұйым жауапкершілігі кеңістігіндегі сенім мен қауіпсіздік шараларына қосып отырған үлесінің айғағы.