«Бұл жоғары форум тарихқа енетініне менің күмәнім жоқ. Себебі Астана Саммиті тек Ұйым үшін ғана емес, сонымен қатар мұхиттарды жалғастыратын үлкен геосаяси кеңістік үшін, бүтін Еуразия құрылығы үшін кезеңді оқиға болды. Бүгін біз Хельсинки мен Парижден кейін одан арғы ықпалдастықтың жаңа фазасына кіріп отырмыз. «Хельсинки рухы» тарихи сөзі "Астана рухымен" байытыла түсті. Осы жерде қайта жанданған өзара түсіністік пен келісім рухы потенциалды әлемдік қатерлер мен қауіптерге жетістікті қарсы тұруға және халықтарымыз үшін өмірлік маңызды проблемаларды шешуде біздің күш-жігерлерімізді біріктіруге септігін тигізеді деп сенемін», - деді Елбасы.
Н.Назарбаев, ЕҚЫҰ-ның жалпы қызметін атап өте келе, Ұйым Еуроатлантикалық және Еуразиялық ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы Еуропа мен Азияны жақындастырып, ықпалдастыруға қауқарлы екендігін және осы күндері бұл маңызды жұмыстар бастама алғандығын қадап айтты.