«Соңғы 13 жыл бойы Қазақстандағы сайлауларды тұрақты байқап келеміз. Біз өзімізді Қазақстанның достары әрі серіктестері ретінде сезінеміз. Және де осынау тамаша елге жәрдем көрсету міндеттемесін алдық. Кеше 300-ден астам байқаушымыз бүкіл ел бойынша жұмыс істеді. Олардың жұмысының негізінде және ұзақмерзімді байқаушылардың пікіріне сүйене отырып, негізгі қорытындыларды жария етпекпін», - деді ол елордада өткен брифинг барысында.
Шетелдік байқаушының пайымынша, елімізде жүргізілген реформалар Қазақстанды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сай сайлау өткізуге жақындатуы тиіс.
«Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы Демократиялық институттар және адам құқы бюросының бұған дейінгі ұсынымдарын ескере отырып, бірқатар өзгеріске ұшырады. Сайлаушылар үшін өзгертулер енгізіліп, таңдау мүмкіндігі кеңейтілді», - деді Ирен Чараламбидес.