ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен Қазақстандағы еңбек көші-қонының гендерлік қырлары атты өңірлік жоба жүзеге асады

аусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен Қазақстандағы еңбек көші-қонының гендерлік қырлары атты өңірлік жоба жүзеге асады

. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция барысында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Александр Кельчевский мәлім етті.

«Біздің ойымызша, бүгінгі күні көбірек назар аударуды қажет ететін фактордың бірі көші-қонның гендерлік көрінісі. Бүгінгі күні әлем бойынша мигранттардың жартысына жуығы әйелдер. ЕҚЫҰ Хатшылығы, оның ішінде Экономикалық және экологиялық қызметтер бойынша ЕҚЫҰ Үйлестіру кеңсесі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен Қазақстандағы еңбек көші-қонының гендерлік қырлары атты өңірлік жобаны өткізуге бастама жасады», деді А. Кельчевский.

Елшінің айтуынша, аталған конференцияға Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттерінің өкілдері қатысатын болады. Жоба шеңберіндегі өңірлік конференция ағымдағы жылы қыркүйек айыныңда өтеді деп жоспарлануда. ЕҚЫҰ Орталығының бұл бастамасын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де қолдаған.