деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында мәртебелі мейман ЕҚЫҰ қызметі, қазіргі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Ол өз сөзінде ЕҚЫҰ ағымдағы және алдағы уақыттағы мақсат-міндеттерін атап өтіп, қазір төрағалық етіп жатқан еліміздің қызметіне баға берді. Оливер Спенсердің сөзіне қарағанда, Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын абыройлы атқаруда. Ол сондай-ақ ертең Алматыда өтетін ЕҚЫҰ -ның Еуразиялық өлшемдері» атты Трансазиялық парламенттік форум жұмысын маңызды деп атап өтті. «Дағдарыс, жаңа экономикалық өлшемдер әлеммен қатар ЕҚЫҰ-ға да жаңа міндеттер жүктейді. Ертеңгі форум барысында ұйымның алдындағы міндеттер мен мақсаттар айқындалатын болады», деді Бас хатшы. Кездесу барысында университет ректоры Серік Пірәлиев Оливер Спенсерге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрметті профессоры атағын тапсырды.
Ертең ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алматыда өтетін «ЕҚЫҰ -ның Еуразиялық өлшемдері» атты Трансазиялық парламенттік форум жұмысына қатысады.