2 желтоқсан күні «Фархи» мейрамханасында Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стуббаның кемтар адамдардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі арнайы елшісі болып тағайындалған рэп-музыкант Сайнмарктың және азаматтық ұйымдардың қатысуымен ЕҚЫҰ-ның мүгедектер мәселелері жөніндегі іс-шарасы болады.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Сайнмарк Александр Стуббаның арнайы елшісі ретінде әлемнің отызға тарта елінде өнер көрсеткен.
Әртіс жайлы толық ақпаратты ғаламтордағы мына http://www.signmark.biz/site/en/home адрес бойынша біле аласыздар.