Бұл туралы бүгін Саммиттің баспасөз орталығында өткен журналистермен кездесу барысында «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов айтты.
Оның хабарлауынша, бүгінде жаңадан ашылған газетке түсетін қазақ тіліндегі материалдар, ең бірінші, орысшаға, одан кейін ағылшын тіліне аударылады. «Бұл - мәжбүрлік схемасы. Себебі бізде қазақ тілінен тікелей ағылшын тіліне аудара алатын кәсіби мамандар жетіспейді. Алдағы уақытта біз ондай мамандарды жұмысқа тарту арқылы бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын», - дейді С.Абдрахманов.
С.Абдрахманов атап көрсеткендей, ЕҚЫҰ Саммиті, Азиада және тағы басқа үлкен халықаралық жиындарға орай шығатын «The Astana Times» газетінің бүгінгі таралымы 6 мың дананы құрап отыр.