ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында «Азаматтық қоғам: әркімнің үлесі» атты фотожұмыстар көрмесі ашылады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - 23 қарашада, ЕҚЫҰ Саммиті шараларының қарсаңында Қазақстанның Азаматтық Альянсы еліміздің үкіметтік емес секторының іс-қарекеттері туралы «Азаматтық қоғам: әркімнің үлесі» атты фотожұмыстар мен материалдардың көрмесін ашады.

Дәл сол күні шетелдік ҮЕҰ-лар және БАҚ-тармен өзара әрекеттесу бойынша штаб ашылады.

Көрмеде бүкіл елімізден жиналған жұмыстар назарға ұсынылады. Бұлар - ҮЕҰ-лар жүзеге асырған әлеуметтік пайдасы бар жобалар, қарапайым қазақстандықтардың қоғамның дамуына қосып жүрген үлестерін растайтын фотосуреттер.

«Баршамызға белгілі болғандай, елімізде ҮЕҰ-лар көбінде адамдармен және адамдар үшін жұмыс істейді, демек сіз бен біз - қарапайым қазақстандықтар үшін әрекет етеді. Күн сайын үкіметтік емес ұйымдар адамдар өмірінің, тұрғындардың осал жіктерінің өмірінің сапасын жақсарту бойынша және басқа да жобаларды жүзеге асырып келеді. Сол уақытта, қазақстандықтардың өздері ерліктері мен еңбегі арқылы еліміздің әл-ауқатының дамуы мен жоғарылауы үшін айтарлықтай үлес қосуда, бұл - волонтерлер мен кез келген уақытта көмекке келуге дайын құштар адамдар» - дейді Азаматтық Альянстың ҮЕҰ-ларды дамыту бағдарламаларының директоры Андрей Емелин.

Көрме адамдар ажарын, ҮЕҰ-лардың жұмысының сәттерін, мақсатты топтармен өзара әрекеттестігінің кадрларын және т.б. көрсету мақсатымен ұйымдастырылмақ. Бұл көрме коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі мүмкіндіктері мен жетістіктерін паш етіп қана қоймай, азаматтық қоғамның әрі оның институттарының дамуы мен күшеюіне әрекеттеседі. Сонымен қатар, бұл - Қазақстан үшін маңызды имиджді шара, ол азаматтық қоғамның дамуы тұрғысынан халықаралық қоғамдастықтың еліміздің табыстарын танып, жетістіктерді мойындауына әкеледі.

«Енді астаналықтар мен қала қонақтары үкіметтік емес ұйымдардың іс-қарекеттері жайлы, елімізде әлеуметтік маңызды жобалардың іске асырылуы туралы кеңінен білетін болады. Және атап өту керек, бұл көрме еліміздің тағы үш аймағында өтеді. Біздің көрмеміз - қоғамның қамы үшін азаматтық амал-әрекеттер жасап жүрген адамдарға алғыс білдіру мүмкіндігі», - дейді Азаматтық Альянстың атқарушы директоры Алина Хаматдинова.

Көрме 27 қарашаға дейін өтеді. Үздік жұмыстардан тұратын тізбе (каталог) шығарылатын болады.