«ЕҚЫҰ саммиті кезінде шетелдік меймандарға дұрыс жол бағытын көрсетіп, көмектесіп, керек болса олармен еркін тілдесуі үшін біздің полицейлерді оқыту жұмыстары жүріп жатыр», - деп атап көрсетті Н. Ораз.
Оның сөзіне қарағанда, қалалық департамент соған орай полицейлердің жүріс-тұрыс ережелері мен кәсіби лексиканың негізгі терминдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған арнайы сөздіктерді басып шығарған.Бұл құралдар қазіргі уақытта ең ұтқыр және тиімді. Осындай сөздіктер құқыққорғаушылардың барлығына таратылып берілген.