Астана қаласының 100 ең үздік оқушысына - интеллектуалдық сайыстар, ойындар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Алматы қаласындағы «Тау күні» лагеріне оқу-танымдық ауысымына жолдамалар тапсырылды.
28 қарашадан 5 желтоқсанға дейін (оқушылардың күзгі демалыс күндері ауысқан мерзімі) балалар Алматы қаласында ұмтылмас күндерді өткізеді.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған оқу-танымдық ауысым қатысушыларына арнайы бағдарлама дайындалған. Бағдарламаға сәйкес оқушылар түрлі интеллектуалдық сайыстарға, ойындарға, тренингтерге, дәрістерге қатысып, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік алады.
Барлық іс-шаралар оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға, өзіндік жұмыс барысында ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, оқушылар Алматы қаласының мәдени орталықтарына, көрнекті орындарына, Көктөбе тауына танысу саяхаттарына барады.