ЕҚЫҰ Саммиті қатысушыларына арналған анықтамалық журнал шығарылды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ақпарат комитеті ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушыларына арналған «Edge» анықтамалық журналды жарыққа шығарды.

Аталған журналда Астана қаласының көрікті жерлері туралы толыққанды ақпарат беріліп, басылымда елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтары жайында барлық қажетті мәлімет топтастырылып отыр. Сондай-ақ Саммитке қатысушылар Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүрлерімен арнайы мақалалар арқылы таныса алады. Анықтамалық журнал ағылшын тілінде жарық көріп отыр.